ҚЫЗЫҚ ПРЕМИЯ 2021 ТОЛЫҚ КОНЦЕРТ | Қызық Live

ҚЫЗЫҚ ПРЕМИЯ 2021 | Қызық Live

Каналға жазыл / Подпишись на канал
kzonlines.info/level/Y3t...

"Қызық LIVE" жобасының жаңажылдық қалжың марапаты телевизия маусымының дәстүрлі әзіл-оспақ қорытындысы, қазіргі барлық оқиға мен оған себеп болған адамдар тоғысқан логикалық финалы болды.
Төртінші жыл қатарынан "Қызық Премия" көрермендер арасында да, шығармашылық ортада да үлкен резонанс тудырады. Бұл Жаңа жыл қарсаңында ең күтілетін іс-шаралардың бірі болды.
Барлығы бәріне белгілі премиялардың ережелеріне сәйкес өтуі керек секілді болған. Бірақ бұл “Қызық LIVE” бағдарламасы мен “BAS production” студиясының премиясы болғандықтан, аталған жобада әдеттегілік пен бос сөзге орын жоқ. Астарлы ирония, батыл эксперименттер және көңілді импровизация - "Қызық Премияның" басты ерекшелігі.
Жоба авторлары әрі жүргізушілері Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек жыл бойы оқиғалар ортасында жүрген және жақсы көңіл-күйге себепші болғандарды өздеріне тән ирониялық және қалжың формасында марапаттайды.
Жылдың ең көп талқыға түскен адамдары, эстрада жұлдыздары, танымал саясаткерлер, сондай-ақ әлеуметтік желінің көмегімен аяқ астынан жұлдыз атанғандар жоба қатысушысы болады.

"ПЛАГИАТ 2021", "Үздік Сериал", "ХАЛЫҚ әртісі", Жыл спорттық драмасы", "Жыл адамы-2021" секілді қалжың номинациялар концерттің негізі әрі қызыл сызығы.

"Жылдың плагиаты" номинациясында қазақстандық әншілерге назын айту үшін сонау Түркиядан әлемге танымал жұлдыз МУСТАФА САНДАЛ келді. Қалжыңға толы кеште түркиялық қонақ Мустафа Сандал қазақстандықтарды тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, әлемге танымал әндерімен қуантты. Айтпақшы түрік тілінен аудармашы танымал дубляж актері Қайрат Әділгерей аудармасымен көрермендерді күлкіге қарық қылды.

"ХАЛЫҚТАН ШЫҚҚАН ӘРТІС" номинациясында желіде танымал болған қарапайым қазақстандықтар өнер көрсетті. Желіде СЫЛАҚШЫ ҚЫЗ атанған Гүлмайдан, Қазақтың Иглесиасы Медет Өтегенов, Мұқа-Бұқа атанған Мұхамедияр Ембай, сонымен қатар елдің сүйспеншілігіне бөленген ҚОЙШЫ БАЛА өз марапатын алды.

ҮЗДІК СЕРИАЛ номинациясыда бұған дейін болмаған көрініс орын алды. Отандық сериал кейіпкерлерінің барлығы бір сахнада тоғысып, Үздік Сериал марапатына кім лайық екенін Қызық Премия сахнасында анықтамақ болып, кеш үлкен дауға ұласып кете жаздады. Сержан Братан, Жездуха, Сыныптас, Рауза, Шекер, Патруль, Сәке, 5:32 , тіпті ПЕРЕКРЕСТОК сериалының кейіпкерлері сахнаға шығып бұл премияға лайық екенін дәлелдегісі келді.

"Жыл Альбомы" номинациясы елімізде ғана емес алыс-жақын шетелде танымал РАЙМ және ДИДИ рекордс ұжымына бұйырды.

Жыл Спортшысы номинациясында өте бір керемет көрініс орын алды. Жыл Спортшысы атанған бокстан әлем чемпионы, олимпиада қола жүлдегері Сәкен Бибосынов сахнаға биылғы нағыз Олимпиада Чемпиондарын шақырды. Бір қызығы ол спорттан емес, ғылым-білімде жүрген чемпиондар. Физика және математикадан халықаралық ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНДАРЫ болған оқушылар сахнаға шығып, Сәкен Бибосыновтан жүлде алды. Осылайша Сәкен қазақ үшін тек білек емес, білімнің өте маңызды екенін көрерменге паш еткендей. Спорт, мәдениетпен қоса, ҒЫЛЫМ-БІЛІМнің мағыздылығын, оған көңіл бөліп мән беру керек екендігін ерекше атап өтті.

ЖЫЛ АУДИОЖАЗБАСЫ номианциясында жарқ етіп бүкіл көрерменнің жанарын жаулаған Жаңаөзендік Сырым Сүйіндіков өзінің даусымен бүкіл халықты күлкіге қарық қылды. Әйгілі UFC жүргізушісі Брюс Баффердің даусын айнытпай салатын Сырым, осы концерттен соң біраз промоушендердін ұсыныс алып, тіпті NAIZA FC жекпе-жектеріне шақыру алып, өнерін көрсеткен екен. Болашақта бұл бала Қазақтың Брюс Баффері атанып, керемет ринганонсерге айналады деген үміттеміз.

"Жылдың Үш Әрпі"номинациясында ЛРТ және ННН жеңіске жетті.
Жыл Тикток хаусы атанған әлемде номер бірінші ЙОЛО ХАУС ұжымы да марапатқа ие болды.

Бүкіл халықты жұмылдырып Маңғыстау өлкесіне қиын сәтте көмек берген Құрмет Талапқазы ЖЫЛ АДАМЫ атанды. Атына заты зай Құрмет, бұл атаққа әбден лайық жан, Абай атамыздың сөзін, басты қағидасы екенін айтып кетті. Қысқасы Премияның басты ұраны "Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос". Бірлігіміз жарасып, бір-бірімзді қолдап, биіктерге жете берейік.

Сонымен қатар кеште жыл бойы барлығымз тыңдаған әндер орындалды.


Жүргізушілер:
Марат Оралгазин - oralgazin
Еркебулан Мырзабек - rollanuly

Пікірлер: 9 633 

  1. Marat Oralgazin

    Marat Oralgazin

    14 күн бұрын

    Ұнады ма? Қай сәті? Лайк, коммент жаудыр! Достарыңа жібер!

  2. Bribe

    Bribe

    18 сағат бұрын

    Марат и Еркебулан ага лучшие! подняли настроение ( ◠‿◠ ) на одном дыхании посмотрела 🤪 Кызык Премия жалгаса берсин! 🤙🏻

  3. Maryam Garifullina

    Maryam Garifullina

    18 сағат бұрын

    Пусть будет мир. Смотрю и плачу 14 го января 2022. Спасибо Мустафа Сандалу. Искренне поздравляет с днём независимости.

  4. Айгерим Шынтаева

    Айгерим Шынтаева

    11 сағат бұрын

    Самая сердечная, тёплая и душевная премия в этом году получилась! Как нибудь хотелось бы быть частью всего этого! Маке Ереке тек қана алға!

  5. lol

    lol

    8 сағат бұрын

    Қызық Премия✊

  6. Омиргуль Токтарханкызы

    Омиргуль Токтарханкызы

    Күн бұрын

    Третий раз смотрю, единственное желание: удалить из памяти и посмотреть ещё😍 Ешкандай пафос жок, таза “өзіміз отырып шай ішейік” болды👍 Осы беттен таймай тек қуанта беріңіздер👍 Біздер Жаңа жыл қарсаңында тек Осы премияны күтеміз👏🏻

  7. Yelaman Orynbassarov

    Yelaman Orynbassarov

    8 сағат бұрын

    Қызық Премия✊

  8. Аян Раев

    Аян Раев

    14 күн бұрын

    Даже вручение оскара не бывает таким интересным..... қызық премия лучшийй....... маке, ереке лучшие...

  9. Сапарали Серикбай

    Сапарали Серикбай

    6 сағат бұрын

    Алла разы болсын! Білімге көңіл бөлендеріңізге ризамын сол үшін!!!

  10. aaa aaa

    aaa aaa

    16 сағат бұрын

    Білім саласындағы үздік, олимпиадаларда орын алған балаларды шақырғандарыңыз қандай жақсы !!!

  11. Aliya Bekzhanova

    Aliya Bekzhanova

    16 сағат бұрын

    Жарайсыңдар, елеусіз қалған қара халықтың ортасында жүргендерді елеген ұжымға!!!Респект

  12. Werty Wer

    Werty Wer

    8 сағат бұрын

    Казахстанский Брюс Баффер олтирди😊😊😊. Базар жок 2 премия беру керек еди👍.

  13. Жанар Бегайдарова

    Жанар Бегайдарова

    18 сағат бұрын

    Еркебұлан,Марат және ұйымдастырушы команда, Сіздерге үлкен рахмет! Елімізде болған жағдайдан кейін көңіл күйім көтерілді. Өте керрррремет ұйымдастырғансыздар! Физикадан орын алған оқушыларды шақырып, біліімді балдарды да ескеріп, барлык саланы ескергендеріңізге рахмет!

  14. BOKEY

    BOKEY

    14 күн бұрын

    Көп күткен видео! Өте керемет болды! 🔥💣

  15. Gulzhanat Parimbay

    Gulzhanat Parimbay

    13 сағат бұрын

    Концерт өтее қатты ұнады! Ұйымдастырушыларға, жүргізіушілерге, барша қатысушларға алғысым шексіз, керемет көңіл-күй сыйладыңыздар:) Әр нөмір ерекше ұйымдастырылған, шығармашылық, жасампаз жандармен жасалынған мол еңбек көрініп-ақ тұр. Баршаларыңызға алғысым шексіз😘

  16. Молдир Тлектесова

    Молдир Тлектесова

    19 сағат бұрын

    Все супер,такая подача,хочется оказаться в такой атмосфере🥰,а как можно купить билеты туда?

  17. Галина Серик

    Галина Серик

    23 сағат бұрын

    Радует ,, что-то не кого не обижая, Заслуженно вручили награды! действительно Марат и Еркебулан проводят каждый год ,итог самых любимых талантов!!!💞🥰🥰👍🏼

  18. anik1986able

    anik1986able

    18 сағат бұрын

    Марат и Еркебулан, спасибо вам большое за такую премию. Посмотрела на одном дыхании. Смеялась от души над всеми шутками. Особенно после событии в Алматы, всплакнула над песней "Перекрёсток". Помню всей семьёй смотрели этот сериал.

  19. Nurila Oserbay

    Nurila Oserbay

    23 сағат бұрын

    Марат и Еркебулан ага лучшие! подняли настроение ( ◠‿◠ ) на одном дыхании посмотрела 🤪 Кызык Премия жалгаса берсин! 🤙🏻

  20. Анатоли Цой

    Анатоли Цой

    14 күн бұрын

    Осы жоба болмағанда қайтерек ешкімды танымас едік әйтуір салпақтап Ерекең мен Макең Тынбай жұмыс жасап танытып отыр.Ешқандай хейтері жоқ ҚЫЗЫҚ ЛАЙВ АЛҒА!!!!

Келесі