ҚЫЗЫҚ ПРЕМИЯ 2020 ТОЛЫҚ КОНЦЕРТ | Қызық Live

ҚЫЗЫҚ ПРЕМИЯ 2020 ТОЛЫҚ КОНЦЕРТ| Қызық Live
www.yokohamatire.kz

"Қызық LIVE" жобасының жаңажылдық қалжың марапаты телевизия маусымының дәстүрлі әзіл-оспақ қорытындысы, қазіргі барлық оқиға мен оған себеп болған адамдар тоғысқан логикалық финалы болды.
Үшінші жыл қатарынан "Қызық Премия" көрермендер арасында да, шығармашылық ортада да үлкен резонанс тудырады. Бұл Жаңа жыл қарсаңында ең күтілетін іс-шаралардың бірі болды.
Барлығы бәріне белгілі премиялардың ережелеріне сәйкес өтуі керек секілді болған. Бірақ бұл “Қызық LIVE” бағдарламасы мен “BAS production” студиясының премиясы болғандықтан, аталған жобада әдеттегілік пен бос сөзге орын жоқ. Астарлы ирония, батыл эксперименттер және көңілді импровизация - "Қызық Премияның" басты ерекшелігі.
Жоба авторлары әрі жүргізушілері Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек жыл бойы оқиғалар ортасында жүрген және жақсы көңіл-күйге себепші болғандарды өздеріне тән ирониялық және қалжың формасында марапаттайды.
Жылдың ең көп талқыға түскен адамдары, эстрада жұлдыздары, танымал саясаткерлер, сондай-ақ әлеуметтік желінің көмегімен аяқ астынан жұлдыз атанғандар жоба қатысушысы болады.
"Жылдың плагиаты", "Үздік той-2020", "Жылдың кешірім сұрауы", "Жылдың фразасы", "Кешью аптаның үздік құрамы", "Хайп-2020" секілді қалжың номинациялар концерттің негізі әрі қызыл сызығы. "Жылдың плагиаты" номинациясында белгілі әнші Серік Ибрагимов бір жыл бойы шетелдік әндерге "кавер" жасаған әріптестерін әшкереледі.
Ақтауда көшеде қайыр сұрап тұрған ер адамға қалтасындағы ақшасын берген кішкентай қыз Сабина "Жылдың меценаты" атанды. Ернар Айдар "Боп тұрады" номинациясында премия лауреаты болды.
Сондай-ақ "Жылдың жекпе-жегі" номинациясында республикалық телеарналардың біріндегі ток-шоуда қарсыласымен жаға ұстасқан танымал саясаткер Ермұрат Бапи жеңіске жетті.
"Жылдың бейнебаяны" және "Жылдың челленджі" номинациясы жылдың ең белсенді әртістері Райым мен Артурға берілді. Жылдың жұбы ретінде Қуат Хамитов пен Сабина Алтынбекова емес, танымал актер, вайнер Жахан Отарғалиев пен "Кешьюдің" бұрынғы әншісі Балжан Бидаш танылды. Сонымен бірге Премияға Қуат Хамитов, Нұрлан Қоянбаев, Мейіржан Төребаев, Ерке Есмахан, "Кешью" тобы, Айқын, Айдана Меденова, Жахан Отарғалиев, Жания Джуринская, Нұрболат Абдуллин және басқа да танымал адамдар қатысты.

Каналға жазыл / Подпишись на канал
kzonlines.info/level/Y3t...

Жүргізушілер:
Марат Оралгазин - oralgazin
Еркебулан Мырзабек - rollanuly

Пікірлер: 15 297 

  1. Marat Oralgazin

    Marat Oralgazin

    14 күн бұрын

    Қызық Премия 2021! Мына жерде:

  2. Мадияр Пернебай

    Мадияр Пернебай

    Жыл бұрын

    Қызығы соншалықты 2 сағат, 2 минуттай өтіп кеттіғой. Жарайсыздар Мәке Ереке

  3. Garena Free Fire

    Garena Free Fire

    Жыл бұрын

    Мне кажется "Қызық премиясы" самая лучшая премия в Казахстане. И ведущие классные . Самое главное организация и оформление сцены 👍. Только что с отрывками смотрела премию ЕМА 2020.(Из за любимых артистов) Ну что за сцена, в школах и то лучше оформляют. И звук и работа оператора отстой. И ведущие 👎

  4. Улугбек Юсупов

    Улугбек Юсупов

    Райм жылады көзіне жас алып,еңбегіңнің жемісін көр!Өте керемет!Анашың аман болсын!

  5. Rau Naltaeva

    Rau Naltaeva

    Жыл бұрын

    Жаным ау сол, Райм😭😭 Жүрегіңнен сенің 😭 Қарапайымдылығынан айырылмаған жігіттер👍👍👍 Мәке, Ереке еңбектеріңізге үлкен рахмет! Ауыз толтырып айтатын үздік жобалар сіздердің арқаларыңыз! Көп рахмет! Сабинадай жүрегі жұмсақ балапанды елеп, жасаған жақсылығының екі есе болып қайтатынын көрсете біліп, одан сайын жақсылық жасауға талпынысын арттырғандарыңыз үлкен іс, үлгі басқаларға! Тек қана алға!

  6. Daniyal Omirzhan

    Daniyal Omirzhan

    Жыл бұрын

    Райм и Артур обожаю, молодцы!!!

  7. Дина Аязбекова

    Дина Аязбекова

    Марқұм Нәби Аймуратовтың орындауындағы " Гүлімсің" әнін қайта жандандырғаныңыз үшін Серік Ибрагимовке мың алғыс 👍🤲👏

  8. DANIAR SHARIPOV

    DANIAR SHARIPOV

    Жыл бұрын

    Оте кызык екен Маке!!! Каналындагы 1 миллион подписчик кутты болсын 🙃 Оте мыкты тусиргенсиндер 😍

  9. Мерей Мұхамбедия

    Мерей Мұхамбедия

    Жыл бұрын

    Жыл адамы премиясы үшін мың алғыс! Анау-мынау десек те, дәрігерлерсіз күн жоқ! 👏👏👏👍

  10. Gaynishka Official

    Gaynishka Official

    Жыл бұрын

    Причина моей смерти:Қызық премия)

  11. Миргуль Тапакова

    Миргуль Тапакова

    Райм и Артур, молодцы!!!! 😘❤

  12. Nurai Konyrbai

    Nurai Konyrbai

    Жыл бұрын

    Бүгін міне 4ші рет қайта қарап отырмын, сөз жоқ! Барлығы керемет. Ұйымдастырып, жүргізген Марат пенен Еркебұлан ағалардың еңбектерінде шек жоқ! Жарайсыздар!!!

  13. У О.К

    У О.К

    Жыл бұрын

    Осылай әрбір медицина саласындағы адамдарға көңіл бөліп отырса , еліміздің медицинасы дамып, жетістіктерге жете берер еді. Шынымен де ,так на душе стало тепло) Спасибо вы лучшие🥰🥰🥰

  14. Marat Oralgazin

    Marat Oralgazin

    Жыл бұрын

    Құрметті, дәрігерлер қауымы! Баршаңызға рахмет! Мың алғыс! Мың тағзым! Миллиард рахмет! Еңбектеріңіз елене берсін! Аман болыңыздар!

  15. Айзада Нураханкызы

    Айзада Нураханкызы

    Жыл бұрын

    Раим и Артур

  16. Шалкар Артыкбаев

    Шалкар Артыкбаев

    Жыл бұрын

    Маған қатты ұнады ең үздік премианы сіздерге беру керек!

  17. MADINA BLISS

    MADINA BLISS

    Осы дарикорнды корсем калай кулгенимдиде билмей калам дарикорн унайды

  18. Кара Галымжанова

    Кара Галымжанова

    Самые лучшие Раим и Артур респект вам

  19. Ladjdjjsj HzhzhbajJ

    Ladjdjjsj HzhzhbajJ

    Лучшие ведущие,лучшие партнеры ,лучшая развлекательная программа 👍🏻👍🏻 мама екеумиз корип кулип ,демалып калдык 🌈 тек саттилик!

  20. Нура Манасовна

    Нура Манасовна

    Жыл бұрын

    Даже не могу представить этот проект без Еркебулан и Марата

Келесі